Интернеттегі алаяқтық қылмыстардың бестен бірі ғана ашылады - Мемлекет басшысы

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазір интернеттегі алаяқтық қылмыстардың бестен бірі ғана ашылады. Бұл – өте төмен көрсеткіш». Бас прокуратурада жиын өткізген  Мемлекет басшысы киберқылмыспен күрес тәсілдерін түбегейлі қайта қарау қажет деді. Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын мыңдаған азаматтың алаяқтардың құрбаны болып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Президенттің айтуынша, цифрлық қатерге төтеп беру үшін құқық қорғау органдары бір қадам алда жүруі тиіс. Озық ойлап, артта қалмаудың амалын табу қажет.  Сондай-ақ Мемлекет басшысы азаматтарға деструктивті контентті таратудың құқықтық салдары жөнінде үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек екенін айтты.

«Технологияның қарқынды дамуы ақпараттық кеңістіктің түбегейлі трансформациясына жол ашады. Қоғамды жікке бөліп, азаматтарды бір-біріне қарсы қоятын деструктивті ақпарат таратуға бейіл адамдар да бар. Мұның бәрі өшпенділікке бастайтын ешкімге қажетсіз, тіпті қауіпті пікірталасқа жалғасады. Жасанды интеллектіні осындай адамдар ақпараттық қаруға айналдырып, заңға қайшы келетін контенттерді көптеп тарата бастайды. Бұған жол беруге болмайды. Ондай әрекеттерге құқықтық баға беріп, жауапкершілікке тарту қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: Президент: Тәртіпсіздік пен заңсыздыққа жол беруге болмайды

 

 

Новости партнеров