Қалада 5 бөліктен тұратын екі қабатты автокөлік жөндеу орталығынан өрт шықты
Ақтауда 5 бөліктен тұратын екі қабатты автокөлік жөндеу орталығынан өрт шықты. Оқиға 29 шағынауданда болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Салдарынан екі адам термиялық күйік алып, жедел жәрдем бригадасымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Екеуі де – Өзбектан республикасының азаматы. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында. Бұдан бөлек, екі гараж боксы толықтай жанып, 6 автокөлік өртке оранды. Тілсіз жау 150 шаршы метр жерді шарпыған. Жалын 15 минут ішінде өшірілді.
Айта кетейік, өртті сөндіруге жеке құрамнан 35 адам, 9 бірлік техника жұмылдырылған.
«Өрттің шығу себебі анықталуда. Салдарынан зардап шеккен адамдар бар. Қазіргі таңда облыстық ауруханаға жөнелтілді. Бұдан бөлек 6 автокөлік зардап шекті. Оның үшеуі жанған. Қалған үшеуінің бөлшектері күйген», – деді Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Жайнат Әуесбаев.
Оқи отырыңыз: Боран: Жамбыл облысына бірқатар нысанға зақым келді