Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты

02.03.2026 18:36

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға өскен

Depositphotos.com

1 ақпандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 20 518 005 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қалалық жерлерде 13 106 358 адам, ауылдық жерлерде 7 411 647 адам тұрады. 

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға өскен. Оның 15,8 мыңы табиғи өсім, 2,3 мыңы – көші-қонның оң сальдосы есебінен. 

Естеріңізге сала кетейік, халық саны 20 миллионға 2023 жылдың қарашасында жеткен.

Оқи отырыңыз: Алматыда 2030 жылға дейін дендрологиялық жоспар әзірленеді