Ал күдікке ілінген азамат 25 жаста
Ақтөбе облысында кәмелет жасына толмаған қызды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Жантүршігерлік жайттың құрбаны – 14 жастағы мектеп оқушысы. Ал күдікке ілінген азамат 25 жаста. Қазір ер адам ұсталып, қамауға алынған. Аталған жағдай бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Тергеу және процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр. Қылмыстық процеске қатысушылардың барлығының сөздері зерделеніп, дәлелдер жинақталып, талдануда. Тергеу органдары істің мән-жайын мұқият анықтап жатыр. Толық және жан-жақты тексеруден кейін заңды және негізделген процессуалдық шешім қабылданады», – деді Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Оқи отырыңыз: Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты