Референдумға дейін:
2
күн
15
сағат
22
минут

«Наурыз» бағдарламасы: сатып алатын тұрғын үйге қандай талаптар қойылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына алматылық азаматтар ерекше қызығушылық танытады. Мәселен, екі жылдың ішінде республика бойынша аталған бағдарлама шеңберінде қоныс тойын тойлаған 15 мың адамның басым бөлігі оңтүстік астана тұрғындары. Бұл туралы «Отбасы банк» өкілдері айтты. «Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Оған кімдер қатыса алады? Бағдарламаның басты шарттары қандай?

Осы және өзге де сұрақтарға «Алматы» телеарнасының «Отбасы банкі» қалалық филиалы директорының орынбасары Кәмшат Оңалбаева жауап береді.

– Кәмшат Болатбекқызы, бағдарламаның шарттары жөнінде айтып өтсеңіз. Кімдер қатыса алады? Алғашқы жарна қанша болуы керек

«Бағдарлама биыл үш жыл болады жүзеге асырылып келе жатқаны. Оған қатысу үшін «Отбасы банктің» салымшысы болуы керек. Екіншіден, «Отбасы банктегі» депозитінде жоқ дегенде 2 миллион теңге болуы керек. Екінші талабы ол қатысушының және отбасы мүшелерінде соңғы 5 жылда Қазақстан бойынша үйі болмауы керек. Негізгі шарт егер де қатысушы бағдарламадан өтіп жтақан жағдайда, алғашқы жарнасы 10 -20 пайыз болады. Егер де бірінші нарықтан алса, онда алғашқы жарнасы 20 пайыз болады, ал егер де таза әрлеуде алса,  10 пайыз алғашқы жарна төлейді. Өтінімдер 31 наурызға дейін «Баспана маркет» порталы арқылы өтінімдер қабылданады. Конкурс аяқталғаннан кейін қатысушыларды іріктейміз. Балл беріледі. Әлеуметтік осал топтарына қатысты болса, үй кезегінде тұрған азаматтарға қосымша балл беріледі».

– Ал сатып алынатын тұрғын үйге қойылатын талаптар бар ма?

«Сатып алынатын үйге қойылатын талаптар Алматы мен Астана қаласында 36 миллион теңге, басқа өңірлерде 30 миллион теңгеге несие беріледі. Алматы мен Астана қаласында және де басқа облыстық өңірлерде бірінші нарықта несие беріледі де, ал моноқалалар мен ауылдық елдімекендерде 30 миллионға дейін несие алуға болады. Несие мөлшері 7 пайыз әлеуметтік осал топтарға, басқа қатысушыларға 9 пайыз»

 

– Бұл бағдарлама жылда жүзеге асып келе жатыр ғой. Биыл қандай да бір өзгерістер бар ма?

«Биыл ешқандай өзгерістер жоқ. Екі жылдың ішінде 15 мыңға жуық азамат үй алды. Жылда басында наурызда басталады. Қатысушылар көп болсын. Әркім өзінің баспанасына жетсін!»

Оқи отырыңыз: «Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров