Шомылу маусымы: Түркістан облысында 8 адам суға кетіп, көз жұмды

Тәртіп сақшылары мен құтқарушылар бірлесіп, халыққа түсіндіру жұмыстарын да жүргізіп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында шомылу маусымы басталмай жатып, 8 адам суға кетіп көз жұмған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Барлығы - кәмелет жасына толмаған балалар. Қайғылы жағдайлардың басым бөлігі үлкендердің қарауынсыз қалған кезде болыпты. Осыған байланысты өңірде ауқымды рейдтік іс-шаралар күшейтілді. Былтыр шомылу маусымында ережені елемеген 151 азаматқа 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Тәртіп сақшылары мен құтқарушылар бірлесіп, халыққа түсіндіру жұмыстарын да жүргізіп жатыр. Дегенмен, қауіпсіздікке мән бермейтіндер көп. 23 наурызда Келес ауданында суға батып кеткен жеткіншек әлі табылған жоқ. 100-ден астам адам, 15 техника, ұшқышсыз ұшу аппараты тартылғанымен, іздестіру жұмыстары еш нәтиже берер емес.

«Қазір ол маңда 94, дронмен 74 шақырым жер, ал жер су асты бойынша 36 шақырым тексерілді. Еш нәтиже жоқ. Алайда іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр», - деді Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының басшысы Дәурен Жүсіпов.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында мас жүргізуші полициядан қашпақ болды

Новости партнеров