Алматы облысында фармацевтикалық зауыт салынады

Кәсіпорында дәрі-дәрмектің 20 түрі шығарылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында құны 32,5 миллиард теңге болатын фармацевтикалық зауыт салынады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Кәсіпорында дәрі-дәрмектің 20 түрі шығарылады. Оның ішінде онкологиялық және сирек кездесетін ауруларды емдейтін, заманауи иммунобиологиялық препараттар бар. Жоспар бойынша зауыт 2031 жылы іске қосылып, бір жылдан кейін толық қуатта жұмыс істейді. 2034 жылға қарай негізгі өнімдер толық циклмен өндіріледі. Шамамен 60 жұмыс орны ашылады.

«Дәрілік заттардың өндірісі GMP халықаралық стандарттарға сай болады және дәрілерді ел ішінде өндіруге мүмкіндік береді. Осылайша, аталған жобаны санағанда қазіргі таңда 8 ірі фармацевтикалық жоба іске асырылуда. Жалпы инвестиция көлемі 391 миллиард теңгеден асады. Бұл жүздеген дәрі түрін шығаруға және мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов

Оқи отырыңыз: Мемлекеттік қызметшілер үшін жаңа мансаптық өсу тетігі енгізіледі 

Новости партнеров