Ашық түсті футболкалар киіп, жалаушалар ұстаған 90-нан астам белсенді студент саябаққа жиналды
Зорлық-зомбылыққа қарсы бірлескен ұран мен есірткісіз болашаққа бағытталған қадам. Алматының Панфиловшылар саябағында екі бірдей республикалық акция флешмоб форматында өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv
Қалалық Полиция департаментінің бастамасымен өткен іс-шараға осы жолы «Наркостоп» жастар қозғалысы да үн қосты. Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ұйымдастырылған қос акция өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Ашық түсті футболкалар киіп, жалаушалар ұстаған 90-нан астам белсенді студент саябаққа жиналып, қоғам дертіне айналған мәселелерге қарсы өз лозунгтарын ортаға салды. Тұрмыстық жанжалдар мен есірткінің алдын алуға бағытталған бұл іс-шаралар жас ұрпақты қауіп-қатерден қорғаудың тиімді тәсіліне айналмақ.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» акциясы жыл сайын өткізіледі. Оның мақсаты – қоғамның назарын отбасындағы зорлық-зомбылық мәселелерін доғару және де бейжай қарамауға шақыру», – деді Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.
«Алматы қаласының жастарына түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Қай уақытта болсын, нашақорлыққа қарсымыз. Еліміз тыныш, халқымыз аман-есен, нашақорлықтан аулақ болсын деп жұмыс істейміз», – деді Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының орынбасары Мәди Құрманжанов.
Оқи отырыңыз: Түлектерге кәсіптік бағдар: Медеу ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті