Іздеуде жүрген қылмыскер Ресейден елге экстрадицияланды

01.06.2026 14:57

Күдікті 2006 жылы Павлодарда бір топ адаммен бірге қарақшылық шабуыл жасап, жәбірленушінің мүлкін тартып алған

20 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер Ресейден елге экстрадицияланды. Ол 10 жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бас прокуратураның дерегінше, күдікті 2006 жылы Павлодарда бір топ адаммен бірге қарақшылық шабуыл жасап, жәбірленушінің мүлкін тартып алған. Қылмыс жасағаннан кейін оның сыбайластары әртүрлі мерзімге сотталған. Ал күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынып, шекара асып кеткен. Сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланған еді. Ол былтыр Новосібір облысында қолға түсті.

«2025 жылғы қыркүйекте ол Новосібір облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – деді ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Ерлан Жанпейісов.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында 29 жастағы жігіттің мәйіті табылды