Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Грузиядан елге жеткізілді

06.08.2026 13:56

Күдікті тергеу изоляторына қамалды

«Кипрдан пәтер сатып алуға көмектесемін» деп азаматтарды алдап, 100 миллион теңгеден астам ақшаны қалтасына басқан қазақстандық Грузиядан елге жеткізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Ол жымысқы әрекетін 2021-2022 жылдары Атырауда іске асырған.

Оның сөзіне сеніп, шетелден баспаналы болуды қалаған тұрғындар ақшаны қосымша арқылы аударыпты.

Арам пиғылын жүзеге асырғаннан кейін із-түзсіз кеткен күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған.

Ол биыл маусым айында Грузияда қолға түсіп, Бас прокуратураның сұрау салуы бойынша оны экстрадициялау туралы шешім қабылданыпты.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. 

"Оған тағылып отырған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - деді ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Ерлан Жанпейісов.

Оқи отырыңыз: Электрондық еңбек биржасында 104,6 мың бос жұмыс орны жарияланды