Түрксіб ауданында Райымбек ауданының фермерлері өз өнімдерін нарықтық бағадан төмен ұсынды

Жәрмеңкеде сиыр, жылқы және қой еті, сүт өнімдері, бакалея тауарлары, жұмыртқа, бал, нан-тоқаш, көкөністер мен жеміс-жидектер ұсынылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Түрксіб ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Онда Алматы облысы Райымбек ауданы фермерлерінің өнімдері ұсынылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Рысқұлов даңғылы мен Айтықов көшесінің қиылысында ұйымдастырылған сауда аймағында тұрғындарға сапалы азық-түлікті делдалсыз, қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берді. Бұл бастама демалыс күндері өтетін жәрмеңкелер желісін кезең-кезеңімен кеңейтуге бағытталды.

«Жәрмеңкеге Алматы облысының Райымбек ауданынан ауыл шаруашылығы өндірушілері келді. Олардан тікелей тауар сатып алуға мүмкіндік беретін осындай форматтағы жәрмеңке Түрксіб ауданында алғаш рет өтіп жатыр. Бұл – қалада демалыс күні ашылған алтыншы жәрмеңке. Алдағы уақытта шаһардың барлық аудандарын қамту жоспарда бар. Жәрмеңкеге қойылған өнімдердің құны нарықтық бағадан төмен», – деді «Алматы» ӘКК» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Темірлан Нихамбаев.¤

Жәрмеңкеде сиыр, жылқы және қой еті, сүт өнімдері, бакалея тауарлары, жұмыртқа, бал, нан-тоқаш, көкөністер мен жеміс-жидектер ұсынылды. Тұрақ түрде жалғасатын жәрмеңке демалыс күндері сағат 9:00-18:00 аралығында жұмыс істейді.

«Шаруашылығымыздың тек қана сүт өнімдерінің өзінен 7 түрлі өнім әкелдік. Өте жақсы! 100 литрден астам қымыз, 30 литр сүт, 30 киллограмдай құрт әкелгенбіз. Ірімшік, қарынға салынған май, ата-дәстүрімізден қалып келе жатқан. Соның бәрі де жақсы өтіп жатыр. Халық та риза, біз де ризамыз», – деді жеке кәсіпкер Ұлжан Сұлтанова.

Оқи отырыңыз: Алматыда Өзбекстан суретшілерінің көрмесі ашылды