Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 88-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауды тағайындау, оны дайындау мен өткізуді ұйымдастыру жөніндегі шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана қаласының, облыстардың, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 12 қазан
Оқи отырыңыз: Президент Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді