Каспий теңізінде жоғалып кеткен екі балықшының мәйіті табылды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қайғылы оқиға Құрманғазы ауданында болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысында Каспий теңізінде жоғалып кеткен екі балықшының мәйіті табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Atyrau online Telegram-арнасының жазуынша, қайғылы оқиға Құрманғазы ауданында болған.

«3 сәуірде Каспий жағасынан теңізге балық аулауға шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен екі ер адамның денесі табылды», - делінген хабарламада.

Облыстық ТЖД мәліметінше, қаза тапқандар – 1981 және 1991 жылы туған ер адамдар. 1 сәуірде олар қайықпен Новинск каналының бойымен балық аулау үшін Каспий теңізі бағытына қарай кеткен. Содан кейін олармен байланыс үзілген.

Іздестіру шаралары бірнеше күнге созылып, тек 3 сәуірде ғана «Каспий таңы» өндірістік кооперативінің қызметкерлері жағадан 70 шақырымдай қашықтан балықшылардың мәйітін тапқан.

Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Ақтауда орталық көшелердің бірінен әйел адамның денесі табылды

Новости партнеров