Маңғыстауда теңіз жағалауынан итбалықтардың өлексесі табылды

Бұл – жыл басынан бері тіркелген екінші оқиға

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстауда Түпқараған ауданы аумағындағы теңіз жағалауынан 90-ға жуық итбалықтың өлексесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазақстанның қызыл кітабына» енген су жануарларының қырылу дерегін балық инспекциясының қызметкерлері мониторинг кезінде анықтаған. Оқиға орнына гидробиология және экология институтының мамандары да барды. Алдын ала болжам бойынша, теңіз сүтқоректілері 2-3 апта бұрын өлген. Қазір оларды жинау, жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұл – жыл басынан бері тіркелген екінші оқиға. Бұған дейін инспекторлар теңізде браконьерлік ауға түсіп өлген итбалықтарды да анықтаған.

«Жақында солтүстік батыстан соққан қатты жел оларды жағаға шығарып тастаған. 88 итбалықтың ішінде екеуі ау құралдарына оралып қалған. Итбалықтардан қатты шіріп кеткен, сынама алу мүмкін емес», – деді Балық инспекциясы басқармасы түпқараған аудандық бөлімінің басшысы Қонарбай Базарбаев.

Оқи отырыңыз: Алматыда биыл 800 экологиялық автобус сатып алынады

Новости партнеров