Ақтауда қаруды заңсыз сақтаған 2 адам қолға түсті

Тәртіп сақшылары қаладағы есірткі, психотроптық заттарды жарнамалайтын 49 графитидің көзін жойған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауда қаруды заңсыз сақтаған 2 адам қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шаһарда өтіп жатқан "Учаске" жедел-профилактикалық  іс-шарасы барысында ұсталған қос азаматқа қазір қылмыстық іс қозғалған. Тәртіп сақшылары қаладағы есірткі, психотроптық заттарды жарнамалайтын 49 графитидің көзін жойған. Өңірде түнгі мезгілде көше кезіп жүргендер де тыйылмай тұрған көрінеді. Жергілікті полицейлер тәртіпке бағынбай, қараусыз жүрген 48 жеткіншектің ұсталғанын хабарлады. Олардың ата-аналары да әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мамандар "бұл – 1,5 айда анықталған құқықбұзушылықтар"дейді.

"Іс-шара кезінде учаскелік полиция инспекторлары тұрғын үй мен пәтерлерді аралау және Ішкі істер органының есебінде тұрған тұлғаларды тексеру жұмыстарын жүргізілуде. 11 жасөспірім заңды өкіл анықталғанға дейін кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды", – деді жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы Нұрлан Рахаев.

Оқи отырыңыз: Маман тапшы: орман шаруашылығындағы мәселе қалай шешіліпп жатыр

 

Новости партнеров