Екі жастағы бала тоғызыншы қабаттан құлап, көз жұмды

Дәрігерлер шұғыл жеткенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда екі жастағы бала тоғызыншы қабаттан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы жағдай кеше Ақкент ықшамауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, сәби балконнан құлаған көрінеді. Оқиға орнына дәрігерлер шұғыл жеткенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмапты. Қазір істі жан-жақты тергеп-тексеру жүріп жатыр.

«Үш жасар баланың өліміне қатысты тергеу басталды. Алатау аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда. Полиция ата-аналар мен заңды өкілдерді тұрғын үй-жайларда балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге шақырады. Терезе құлыптарын қолданыңыз, әсіресе қауіпті аймақтардың жанында балаларды қараусыз қалдырмаңыз», – деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқи отырыңыз: Астанада бойжеткенді бұрынғы жігіті аяусыз пышақтап өлтірген

 

 

 

Новости партнеров