Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр
Астанада бойжеткенді бұрынғы жігіті аяусыз пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қайғылы оқиға кеше тұрғын үй кешендерінің бірінде сағат 20:30 шамасында болды. Бейресми мәліметке сүйенсек, қанды оқиғадан кейін күдікті көшеге шығып, балалар алаңында жүрген марқұмның інісін де жарақаттаған көрінеді. Жасөспірім жедел түрде ауруханаға жеткізілшген. Қазір құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы әлі де анықталады.
«Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары зорлық-зомбылық белгілері бар қыздың мәйітін тапты. Сонымен қатар пышақ жарақатын алған оның кәмелетке толмаған інісі ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән жайы анықталуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды», – деді Сарайшық ауданы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Әсет Талапбеков.
Оқи отырыңыз: Егінді таптап жатыр: Ақмола облысында киік 90 мыңнан асты