Елордада ЛГБТ насихаттың балалар мен жасөспірімдерге әсерін зерттеу нәтижесі талқыланды
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин ЛГБТ-ны ашық және жанама жолмен насихаттаған адамдарды қылмыстық жазаға тартуды ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"ЛГБТ насихатқа заңмен тыйым салу керек. Бұл әркімнің жеке мәселесі, оны ақпарат құралдары, әлеуметтік желі арқылы насихаттауға болмайды. Бір топ депутат ЛГБТ насихатына қарсы норманы әзірлеп бергенбіз, бірақ, өтпей қалды, жан-жақтан қарсылық болды. Сол себепті петиция пайда болды. Халық қолдап, комиссия құрылып, ғалымдар, сарапшылар зерттеп бұның зиян екенін көріп отырмыз", — деді Еділ Жаңбыршин БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Одан әрі халық қалаулысы ЛГБТ насихатқа жауапкершілік енгізу мәселесін көтерді.
"Біз тек қана тыйым салып қоймауымыз керек, егер тыйымды бұзып әлеуметтік желіде немесе БАҚ-та және басқа жанама жолмен жарнамалайтын болса, оған әкімшілік жауапкершілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік қарастырылуы керек деп ойлаймы"н, — дейді Еділ Жаңбыршин.
Елордада ЛГБТ насихаттың балалар мен жасөспірімдерге әсерін зерттеу нәтижесі талқыланды. Аталған шараға сарапшылар, ғалымдар, мемлекеттік органдар өкілдері, депутаттар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.
Оқи отырыңыз: Павлодарда адам ағзасын сату әрекеті әшкереленді