Бұл материалда ылғалдылығы жоғары жер телімдеріне лайық жасыл «көмекшілердің» қайсысы екенін айтып береміз
Егер сіздің жер теліміңіз ойпаңда орналасқан болса және жер асты сулары жер бетіне тым жақын келсе, ал жаңбыр мен еріген қар суы жағдайды одан сайын ушықтырса, топырақты өсімдіктер арқылы табиғи жолмен құрғатуды ойластыруға болады. Ағаштар мен бұталардың арасында топырақтан көп мөлшерде суды тартып ала алатын нағыз «сорғылар» бар, деп хабарлайлы Аlmaty.tv.
Бұл өсімдіктер тек жерді құрғатумен шектелмей, сонымен қатар септик немесе қазаншұңқырдан суды айдау шығындарын азайтуға көмектеседі.
Биологияда «транспирация» деген ұғым бар. Бұл – өсімдіктің тамыр жүйесі арқылы суды жинап, оны сабағы мен жапырақтары арқылы буландыру процесі. Өсімдік сіңірген ылғалдың аз ғана бөлігі өсу мен дамуға жұмсалады, ал қалған негізгі бөлігі жай ғана буланып кетеді. Осылайша өсімдіктер қызып кетуден қорғанады.
Кейбір ағаштар тәулігіне топырақтан 900 литрге дейін суды тартып алып, буландыра алады! Егер теліміңіз тым ылғалды болса, транспирациясы жоғары өсімдіктер отырғызу арқылы жерді табиғи жолмен құрғатуға болады.
Бұл «жарыста» чемпион – терек. Ол тәулігіне топырақтан 900 литрге дейін суды тартып алады. Бірақ терек өте ірі өсімдік болғандықтан, оны отырғызсаңыз, жақсысы – қоршаудан тыс жерге еккен жөн. Су бәрібір оған жетеді. Табиғатта ересек ағаштар суды діңнен 7–12 метр радиустағы аумақтан тартып ала алады. Бұл көрсеткішті жер телімін жоспарлағанда ескерген абзал.
Шетен – тәулігіне 150–200 литр су тұтынады;
Қайың – ересек ағаш тәулігіне 200 литр су тартып, аумақты көріктендіреді;
Шырша – ландшафт дизайнына әдемі нұсқа, тәулігіне 300 литрге дейін тұтынады;
Емен – тәулігіне 250–600 литр;
Қарағай және бук – тәулігіне 100–150 литр;
Үйеңкі (жапырақты) және тал – тәулігіне шамамен 250 литр.
Бірнеше осындай ағаш отырғызу телімнің ылғалдылығын азайтып қана қоймай, қазаншұңқырдан суды айдау шығындарын да төмендетеді. Бұл – биодренаж деп аталатын әдіс. Әрине, ағаштардың өсіп-жетілуіне уақыт керек, бірақ бұл тәсіл ұзақ мерзімде өте тиімді жұмыс істейді.
Оқи отырыңыз: Жолақты жеміс: оны 200-300 грамнан артық жеуге болмайды