Қандалаларға есік ашпаңыз: алдын алу жолдары

07.08.2025 23:23

Үйде қандалалардың пайда болу қаупін азайту үшін сарапшылар бірнеше кеңес ұсынады

Depositphotos

Қандалалар тіпті ең таза әрі ұқыпты үйде де пайда болуы мүмкін, деп хабарлайлы Аlmaty.tv.

Бавария тұтынушылар құқықтарын қорғау қызметі мұндай жағымсыз жәндіктердің пайда болуын болдырмауға арналған бірнеше кеңес ұсынды:

  • Сапар кезінде түнейтін орынды таңдағанда, зиянкестер мен олардың қалдықтарының іздерін тексеруге тырысыңыз.

  • Алдын алу шарасы ретінде, жүгіңізді ұйықтайтын орыннан алыс ұстаңыз және төсектің астына қоймаңыз.

  • Лас киімді герметикалық пакетке салыңыз — себебі иіс ұсақ паразиттерді тартады.

  • Қонақ үйден кетер алдында төсек жабдықтары мен чемоданды кандалаларға тексеріңіз.

  • Үйге келген соң чемоданды бірден ваннаға қойып, сонда ашыңыз. Қандалалар тегіс қабырғаларға өрмелей алмайды, ал ашық түсті беттерде оларды оңай байқауға болады.

  • Киімді кемінде 40 градус температурада жуыңыз.

Оқи отырыңыз: Жерді табиғи жолмен құрғату: ең көп су тұтынатын ағаштар

Теги: клопы