Жетісу ауданының су құбырлары жаңартылуда
almaty-akshamy.kz
Қазіргі су құбыры 1960 жылы салынған және апатты жағдайда
Жаңалықтармен бөлісіңіз
7 тамыз күні Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Баишева көшесінің тұрғындарымен кездесті. Себебі әкімдікке осы көшедегі 14 үйдің тұрғынынан шағым келіп түскен.
Кездесу барысында аудан жұртшылығы Баишева көшесіндегі су құбыры желілерінің жөндеу жобасынан тыс қалған, ал тапсырыс беруші «Алматы су» және мердігер «Көлсай Строй» ЖШС көшенің бір бөлігі «Алматы су» балансында жоқ болғандықтан, жобаға енбей қалғанын айтты.
Қазіргі су құбыры 1960 жылы салынған және апатты жағдайда. Осыған байланысты ұзындығы 350 метр су құбырын өткізу туралы шешім қабылданды. Құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылдың 10 тамызында басталып, соңында аяқталады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
11.11.2026 13:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
11.11.2026 18:53
Алматыда екі күнде айлық жауын-шашын мөлшерінің 76 пайызы жауды
11.11.2026 21:48