|
14.01.2020 | 16:18
13100

Алматыда Жәутіков атындағы XVI халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті

Оқушылардың білім бәйгесінде өз мүмкіндіктерін шыңдауға бағытталған мұндай шара алдағы уақытта да үлкен қолдау таппақ

Алматыда Жәутіков атындағы XVI халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті

Биылғы жылы олимпиадаға әлемнің 20 елінен 80 команда қатысқан.  Олар математика, физика және информатика пәндерінен бес күн бойы біліммен сайысты. Жыл сайын дәстүрге айналған халықаралық олимпиада осы жылы  600-ге жуық оқушының басын қосты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айбек Мырзатай - Атырау білім инновация лицейінің намысын қорғап келді. Сенімді ақтады. Бүгінгі жарыста алтын медаль иеленді. Математика пәнінен барлығы 42 балдың барлығын толық жинапты. Сондай-ақ оған осы жеңімпазына орай Нұрлан Қаппаров атындағы арнайы стипендия табысталды.

«Бұл олимпиадаға былтыр да қатысып, алтын медаль алдым, осы Жәутіков олимпиадасының атмосферасы ерекше, шет мемлекеттегі балалармен достасып үлгердім»,- деді Атырау "Білім-инновация" лицейінің 10-сынып оқушысы Айбек МЫРЗАТАЙ.

Биылғы олимпиаданың ерекшелігі - алғаш рет Швеция, Норвегия, Араб эмиратынан оқушылар қатысты. Сондай-ақ, дарынды оқушылармен қатар физика, информатика, математика пәнінен сабақ беретін жас мұғалімдер де өз білімдерін сынады. Бұл Қазақстаннан бөлек, әлем елдері арасында да өз дәрежесін анықтап үлгерген әйгілі білім фестивалі дейді ұйымдастырушылар.

«Бұл дүниежүзінде мектептер арасында өтетін ең танымал олимпиада. Мысалы, басқа да олимпиадалар бар, олар мектептер үшін емес, мемлекеттер үшін жасалады. Мұнда балалар өздерінің мемлекетінің емес, мектептерінің намысын қорғайды. Осы жылы бас жүлдені мектептер арасында Сербиядан келген физика-матетматика мектебі алды»,- деді Республикалық физика-математика мектептерінің басқарма төрағасы Ғабит БЕКАХМЕТОВ.

Биылғы білім додасында 1-орынды әлем елдерінен Сербия қаласының физика-математика мектебі иеленсе, 2-орын Алматы қаласындағы Жәутіков атындағы мектепке бұйырды. 

Ұлағат Арғын, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир