«Жыр Құлагері» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Жыр Құлагері» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Жас ғалым Мәскеу мен Петербордан бұрын ғылыми айналымға түспеген Ілиястың өз қолымен жазылған 73 құжаты мен 18 кітабын анықтапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Жыр Құлагері» байқауының жеңімпаздары белгілі болды. Сайыста оқ бойы озық шыққан жас зерттеуші Елдос Тоқтарбай бас жүлдені қанжығасына байлады. Ол әйгілі ақын, жазушының өмір жолындағы бұған дейін айтылмаған тың деректерін жинақтаған. Сондай-ақ, жас ғалым Мәскеу мен Петербордан, бұрын ғылыми айналымға түспеген, Ілиястың өз қолымен жазылған 73 құжаты мен 18 кітабын анықтапты. Байқау баспасөз өкілдері мен әдебиетші ғалымдар арасында өткізілген болатын, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Үлкен сүйіншілеп айтатын нәрсе араға 60 жыл салып, Ілиястың 18 кітабының табылғандығы және ол кітаптарда айтылған жаңалықтар мен деректер солардың барлығы осы еңбегімде айтылған. Сондықтан бүгін ақтық мәреге шығып, бас жүлде алып жеңіске жеткізіп отыр. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Ілиясты зерттеу мәселесін болашақта да жалғастырамыз»,- деді «Жыр құлагері» байқауының бас жүлде иегері, жас зерттеуші, Елдос ТОҚТАРБАЙ.

«Біз енді Ілиясты айтатынбыз ғой, Қазақстанның Жазушылар одағының бірінші басшысы, ең басында. Енді мына журналистика саласында дегеннен кейін жылда осындай қорытынды шағарайық. Қазақстанның жас журналистері осыған қатысып, ат салысып, өнерін шыңдасын, Ілиясты зерттесін деген оймен шыққан мәселе болатын. Бүгін соның нәтижесін көріп отырсыздар, ішімізден қуанып отырмыз»,- деді І. Жансүгіров атындағы қоғамдық қордың төрағасы Сәбит ҚОРҒАНБАЕВ.

Новости партнеров