Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында 9 науқас ем қабылдауды жалғастыруда
Бүгін бұл туралы брифингте қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Әсел Бисенбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Көбісі 4-інші қалалық клиникалық ауруханада және елордадағы травматолгия және ортопедия орталығында жатыр. Медициналық көмек толық деңгейде көрсетілді деген дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы тұрақты екенін айтты.
Еске сала кетейік, 27-желтоқсанда Алматы маңында болған ұшақ апатынан 12 адам опат болып, ауруханаға 52 науқас жеткізілген. Оның тоғызы бала болатын.