Мейрамбек Бесбаев қазақстандықтарды қантөгіске жол бермеуге шақырды

06.01.2022 в 06:11

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші, термеші Мейрамбек Бесбаев қазақстандықтарды қантөгіске жол бермеуге шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

"Құрметті отандастар. Елімізде болып жатқан жағдай ешкімді бей-жай қалдырып отырған жоқ. Қазақтың қасықтай қаны қымбат заманда қантөгіске жол бермейік, бауырларым. Билік біздің жанайқайымызды сезді, түсінді. Енді сабырмен шешуге тырысайық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!", - деді Мейрамбек Бесбаев.