Алматыда лаңкестікке қарсы арнайы операция басталды

06.01.2022 06:28

Алматыда лаңкестікке қарсы арнайы операция басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Комендатурада мәлім еткендей, тәртіпсіздікті жақтаушылар қалаға үлкен шығын келтірді. Құқық қорғау органдарының тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі заңды әрекеттеріне қарсы болды.

«Экстремистер бизнеске зиян келтіріп, тонаушылыққа баруда. Сонымен қатар, олар бейбіт тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, медицина қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіріп, емханалар мен ауруханаларға зиян келтіреді. Алматыдағы бандиттік топтардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуы шетелде шындап дайындықтан өткенін айғақтайды. Олардың Қазақстанға шабуылы – басқыншылық әрекет, мемлекеттің тұтастығына нұқсан келтіру әрекеті. Бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ бойынша әріптестеріне көмек сұрап жүгінді. Бұл шара мемлекетті сыртқы қатерден қорғау үшін қажет. Қалада тәртіп орнату мақсатында лаңкестікке қарсы арнайы операция басталды. Біздің әл-ауқатымызбен болашағымызға қауіп төндіретін лаңкестік пен бандитизм әрекеттерін бірге тоқтата аламыз. Алматы қаласының комендатурасы тұрғындарды тыныштық сақтап, құқық қорғау органдарына конституциялық тәртіпті орнатуға және қоғамдық қауіпсіздікті орнатуға жәрдем көрсетуге шақырады», - делінген ресми мәлімдемеде.


2021 жылдың 6 қаңтары

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялады