|
20.07.2022 | 03:45
3175

Қазақстанда телеарналар мен радиолар хабар таратуды уақытша тоқтатады

Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет

Қазақстанда телеарналар мен радиолар хабар таратуды уақытша тоқтатады фото из открытых источников

20 шілдеде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды  Almaty.tv. 

«20 шілде айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», –  деп хабарлайды Қазақтелерадио сайты.

Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар тоқсан сайын өткізіледі. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді. Сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.

Айта кетейік, 20 шілдеде Almaty.tv көрермендері жаңалықтарды күндіз телеарна сайтынан және әлеуметтік желілерден көре алады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир