Кеше танымал актер, бүгін қарапайым электрик
topnews.ru
Оқырмандар актердің жұмыссыз отырмай, жаңа жағдайға бейімделіп жатқаны үшін қолдау көрсетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ресейлік «Уральские пельмени» шоуының қатысушысы Андрей Рожков өзінің Instagram парақшасында қосымша жұмысқа орналасуға мәжбүр болғанын жазды. Актер жарты жыл бойы жұмыссыз отырған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Рожков электр бағанасындағы жұмысын видеоға түсірді.
«Актерлерде жарты жылдан бері жұмыс жоқ. Электрик болып нәпақа табуға мәжбүр болдым. Қорқынышты, бірақ не істей аламыз?» – деп жазды ол.
Актер оқу-өндірістік комбинатта оқыған кезін еске түсіріп жатқанын жеткізді. Ол электрмонтажердің үшінші разрядына ие екенін айтты.
Оқырмандар актердің жұмыссыз отырмай, жаңа жағдайға бейімделіп жатқаны үшін қолдау көрсетті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33