Атырауда мұз үстінде түлкі жүр

elements.envato.com
elements.envato.com
18 ақпанда Авангард шағынауданында түсірілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда Жайық өзенінде қатқан мұз үстінде түлкі жүр. Оны балық аулауға шыққан балықшылар видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жергілікті әуесқой балықшы Рахим Қойлыбаевтың айтуынша, видео 18 ақпанда Атырау қаласындағы Авангард шағынауданында түсірілген.

Видеода түлкінің Жайық өзенінің үстінде жүргені көрінеді. Түлкінің жанында қарғалар ұшып жүр. Дала аңының жемтік іздегені байқалады.

«Атырауда мұндай жағдай бірінші рет емес. Мәселен, 2021 жылы желтоқсанның соңында түлкі Атырау қаласындағы Азаттық көшесімен бара жатты. Оның да видеосы тарады. Кейін Еркінқала ауылына 3-4 қабан кіріп кетті. Ал жақында Дамбы ауылына баратын жолмен қасқырдың елдімекенге қарай бара жатқанын көрдік. Қалаға, не ауылға ашыққан аң келуі мүмкін. Мұның басқалай себебі жоқ», - дейді Рахим Қойлыбаев.

Новости партнеров