БҚО-да оқ атқан адам ұсталды

elements.envato.com
elements.envato.com
Оқиға 18 ақпанда болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

БҚО-ның Ақсай қаласында оқ атып, ер адамды аяғынан жарақаттаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқапаратқа сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 18 ақпанда болған.

«Сол күні кешкісін күдікті көршісінің үйіне барады. Кейін сол үйге қонаққа келген ер адам екеуінің арасында жанжал туындайды. Содан кейін күдікті кетіп қалып, қайта оралып келіп, оқ ата бастайды. Оның бір оғы аулада тұрғандардың бірінің аяғына тиеді. Оқ атқан адам оқиға орнынан қашып кетеді. Бөрлі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстау үшін дереу жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні оқиғаның ізін суытпай қолға түсірді, ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық қару тәркіленіп, іс материалдарына тігілді. Қазіргі кезде адам өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.

Оқи отырыңыз: Атырауда мұз үстінде түлкі жүр

Новости партнеров