Рамазан – 2021: Ораза кестесі

19.04.2021 18:33

Рамазан – ислам ай күнтізбесіндегі ең танымал ай

Яндекс.Дзен

Рамазан – ислам ай күнтізбесіндегі ең танымал ай. Бұл тоғызыншы қасиетті ай – ораза мен құлшылық уақыты.

Рамазан, сондай-ақ, Құран айы, себебі Рамазан айында Құран аспанға Тағдыр тақтайшасынан түсірілген. Інжіл, Забур, Таурат секілді қалған барлық Қасиетті кітаптар да осы айда түсірілген.  Сондықтан осы айда мұсылмандар Алланың сөзін көбірек жеке оқиды және түнгі тарауық намаздарында Құранды түгелімен оқып шығуға амал жасайды.

Бірақ барлығынан да Рамазан айы ауыз бекітумен белгілі (оразамен). Мұсылмандар үшін ауыз бекіту – бұл «диета» ұстау емес, керісінше тәуліктің күндізгі уақытында ішіп-жеуден, артық сөзден (сондай-ақ жыныстық жақындықтан) толығымен бас тарту. Ауыз бекіту әрбір мұсылман үшін парыз, алайда оны белгілі себеппен бұзуға болатын жағдайлар да баршылық. Исламның маңызды бөлігі ораза – біздің дініміздің теріске шығаруға жол берілмейтін тірегі.

Мұсылмандарға ораза ұстау Құранда бұйырылған:

«Уа, иман келтіргендер! Өздеріңнен бұрынғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Бәлкім, сол арқылы күнә атаулыдан сақтанып, тақуалыққа жетесіңдер!» («Бақара» сүресі, 183 аят).

Ауыз бекіткеннен кейін кешкілік ас ішу ифтар (ауызашар) деп аталады. Әдетте, Рамазанда мұсылмандар екі мезгіл ғана тамақ ішеді. Алғашқы ас қабылдау кешкілік –ауызашар, ал екіншісі таң алдында – сәресі. 

Біз ауыз бекітуге оразаның әрбір жаңа күнінің алдында ниет етеміз (Рамазандағы оразаға ниет дахватуль-кубра уақытына (бесін намазы уақытының кіруіне 40-50 минут қалғандағы уақыт) дейін жарамды , сондай-ақ, Рамазанның толық айына да бір ғана ниет алу да рұқсат етілген. Бұл сенің ертең немесе бүгін Рамазанда ораза ұстайын деп жатқаныңды сезіну. Оны дауыстап айтпауға да болады, дегенмен келесі түрде атқан абзалырақ, мысалы:

«Ниет еттім Алла тағаланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын (ертең немесе бүгін) ұстауға».

Адамдардың кейбір санаты белгілі бір жағдайларда ораза ұстау міндетінен босатылады: мысалы, жолаушылар, ауру-сырқау адамдар, жүкті және бала емізетін адамдар. Қаза етілген оразаны Рамазан айынан кейін, оразаға кедергі келтіретін жағдайлар мойындарынан түскеннен кейін өтеу қажет: емізу тоқтатылғанда, жол жүрмегенде және тағы басқалары. Әйелдердегі ерекше жағдайда етеккір кезінде оларға ауыз бекітуге болмайды (харам), бұндай ораза есептелмейді. Егер ауру ауыр дәрежеде және созылмалы болса, сонымен қатар адамның сауығып кетуіне үміт жоқ болса, оған  фидья – ақшаның белгілі түрі ораза орнынан төлеуге болады (толығырақ – «Сырқаттану себебі бойынша» бөлімінде).

Жоғарыда айтылғаннан ораза ағзаға сырттан бір нәрсенің келіп түсуінен бұзылатыны айқын болады. Осылайша, ас қабылдау, дәрі-дәрмек, ингаляция және шылым шегу, клизма және жыныстық қатынас оразаны бұзатын жағдайлар болып табылады. Алайда бұл жерде көптеген өзгешеліктер мен ерекшеліктер бар. Мысалы, емдік уколдар (бірақ дәрумендік емес) және құлаққа су кіру – оразаны бұзбайды. Жан-жақты білу үшін «Оразаның бұзылуы» бөлімін қараңыз.

Ораза – бұл тек адамның өз-өзін ұстауы емес.  Бұл біздің барлық құмарлығымызды басу. Бірінші кезекте, бізге күнәлардан аулақ болуымыз қажет: ғайбат, жала, ашкөздіктен және т.б. Дене оразасына қарағанда, күнәдан аулақ болуы күндіз ғана емес, түнде де міндетті, яғни барлық Рамазан бойы (және бұл оразадан кейін тәртіп пен әдептің бір бөлігі болуы қажет).

Рамазан – өз өміріңде бір нәрсені өзгертуге жақсы уақыт: егер сіз әдетте намаз оқымасаңыз, таңғы намазға тұруды бастау, хиджаб киюді бастау, Қасиетті Құраннан қандай да бір мөлшердегі бетті оқу әдетіне ие болу.

Рамазан туралы айтқанда, тарауық намазды айтпай өтіп кетпеуге болмайды. Бұл Рамазанның түнгі уақытында жасалады және 20 рәкағаттан тұрады. Ер адамдар оны мешітте жамағатпен оқиды, ал әйелдер мешітке келмей, үйде оқиды, себебі әйелдер қауымы үшін хайырлы және мол сауапқа кенелетін намаз ол үйінде жасалған намаз болып табылады.

Дереккөз: Azan.kz