Елордадан Ыстанбұлға бет алған ұшақ Атырауға шұғыл қонды
inform.kz
Ұшақта 205 жолаушы болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Х. Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайына Нұр-Сұлтаннан Ыстанбұлға бет алған Boeing 767 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 23 қыркүйек күні кешкісін Түркияның Ыстанбұл қаласына бағыт алған Boeing 767 жолаушылар ұшағы Х. Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, әуе лайнерінің жанармай жүйесіндегі ақауға байланысты қонуына тура келген. Алайда мамандар бұл деректі әзірге растаған жоқ, бұл тек болжам ғана.
Жолаушылар ұшағының бортында 205 жолаушы, соның ішінде бес бала болған. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
14.10.2026 20:40
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
14.10.2026 08:14
Президент Бельгиялықтар королі мен патшайымын Алматыға шығарып салды
14.10.2026 10:18