БҚО-да бюджет қаржысын жымқырған заңгер сотталды

elements.envato.com
elements.envato.com
Салдарынан мемлекетке 10 млн теңгеден астам залал келтірілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік секторда шенеуніктердің, соның ішінде мекеме есепшілерінің бюджет қаржысын жымқыруы тыйылмай отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Ерсайын Жұмабаевтың мәлім еткеніндей, Теректі ауданында алаяқтық жасады деп айыпталған мемлекеттік мекеменің бас маманына (заңгеріне) қатысты қылмыстық іске нүкте қойылды.

Оның сөзіне қарағанда, әйел қызметтестерінің сеніміне кіре отырып, ірі көлемде қаржы жымқырған. Атап айтқанда, басшылықтың өкімімен расталмаған өзінің сыйақысы, іссапарлар мен үстемеақы туралы жалған деректер беріп, соның нәтижесінде оның «Қазақстан Халық банкі» АҚ-дағы есепшотына қаржы негізсіз аударылған. Салдарынан мемлекетке 10 млн теңгеден астам залал келтірілген.

«Теректі аудандық сотының үкімімен заңгер ҚР ҚҚ 190-бабы 3-бөлігі 1, 2-тармақтарына сәйкес кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеусіз, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сонымен қатар ол белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды. Қазіргі таңда осыған ұқсас істер департаментте тергеліп жатыр», - деді Е.Жұмабаев.

Оқи отырыңыз: Селфи жасаймын: суға кеткен жасөспірім қыздың денесі табылды

Новости партнеров