«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесмендерге арналған мерекені белгілеуді ұсынды
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесмендерге арналған жаңа мерекені белгілеу туралы бастама көтерді. Мейрамды 9 қыркүйекке белгілеу ұсынылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
9 қыркүйек өз бизнесі бар, қайырымдылық, әлеуметтік және әдеп тәжірибесін жүзеге асырып жүрген, инновация, көшбасшылық, сондай-ақ кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелерге қоғам назарын аударып жүрген адамдарға арналады деп жоспарланған.
«Кәсіби мереке – бизнес еліміздегі басты қозғаушы күштің бірі екенінің дәлелі болмақ. «Атамекен» ҰКП мамандарының пікірінше, Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде кәсіпкерлік қауымдастық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, экономикалық реформаларды жүзеге асыруға белсенді қатысады, әлеуметтік өмірде үлкен рөл атқарады. Осылайша мемлекет ел дамуына үлес қосып жатқан бизнес-қоғамдастықтың маңызын ерекше атап өтеді», – деді Ұлттық кәсіпкерлік палатасында.
Кәсіби мерекені ресми түрде бекіту «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен жүзеге асты. Биыл тамызда Ұлттық палата осы идеяны үкімет қарауына шығарды. ҰКП мамандары Қазақстан кәсіпкерлер күні – мыңдаған қазақстандық үшін расымен маңызды екенін атап өтті.
Жалпы, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Үндістан, Қытай, Қырғызстан, АҚШ және басқа елдердегі кәсіпкерлердің кәсіби мерекелері бар. Сонымен қатар - 15 сәуірде Халықаралық кәсіпкерлер күні және 21 тамызда Дүниежүзілік кәсіпкерлер күні бар.