ШҚО мен Алматы облысында 26 тонна шөп өртеніп кетті

elements.envato.com
elements.envato.com
Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ТЖМ құтқарушылары осы демалыста екі өңірде пішеннен шыққан алапат өртпен арпалысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында жеке тұрғын үйдің аумағында жалпы 1200 шаршы метр алаңда құрғақ шөп және қоймаға жиналған 26 тонна пішен отқа оранды.

Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында екі өрт те дер кезінде сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.  

Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстанда 1 мың гектар аумақта шөп өртенген еді.

Казталов ауданы Талдықұдық ауылдық округі аумағында құрғақ және шабылған шөпті жалын шарпыған.

Сондай-ақ Ертіс орманында шөп шауып жүрген шаруа өрт шығарып, қомақты айыппұл төледі.

Оқи отырыңыз: Елімізде жаңа жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы іске қосылады

Новости партнеров