Әлеуметтік желіде 15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізіліп, бетперде тағу режимі барлығына міндеттелетіндігі туралы тарап жатқан ақпарат жалған. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпедемиологиялық бақылау комитеті Телеграм-арнасында мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді көздейтін қаулысына сәйкес ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Маска кию режимі тек медициналық ұйымның қызметкерлері үшін енгізіледі. Ал коронавирус инфекциясының жағдайы бақылануда. Шындыққа жанаспайтын ақпаратты тарататын адамдардың іс-әрекетіне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органына берілді», - делінген хабарламада.
ДСМ азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырады.
Оқи отырыңыз: Қарағандыда көлік апатынан бір адам көз жұмды