Зардап шеккендердің жасы 40 пен 68 жас аралығында
Ақтөбеде 1 қыркүйекте А. Молдағұлова даңғылындағы көпір аумағында ВАЗ және Honda автокөліктері соқтығысқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
«Диапазон» басылымының жазуынша, апат салдарынан төрт адам зардап шекті. ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ Honda жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің жасы 40 пен 68 жас аралығында.
«Зардап шегушілердің бірі ауруханаға жатқызудан бас тартты және амбулаториялық емделетін болады. Зардап шеккендердің үшеуі көпсалалы облыстық ауруханаға жатқызылды, олар әлі жансақтау бөлімінде», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Алматыда Құлжа трактіcі жабылады