Ақтөбе облысында 10 жастағы қыз көліктің ішінде тірідей өртеніп кетті

28.08.2024 13:30

Қайғылы оқиға болған кезде баланың ата-анасы үйде отырған

Almaty.tv

Ақтөбе облысында он жастағы қыз үйіндегі көлік ішінде өртеніп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

 

 

Оқиға Хромтау ауданы Дөң ауылында болған. Мектеп оқушысы көліктің ішінде қалып, темір тұлпар өртке оранғанда шыға алмай қалған. Ал полиция қызметкерлері аулада тұрған «ВАЗ» көлігінің өздігінен өртеніп кеткенін хабарлады. Себебі оқиға көрші үйдің бейнебақылау камерасына таспаланып қалыпты. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Қайғылы жайт болған кезде қыздың ата-анасы үйде болған.

– Автокөліктің ішінде 10 жастағы қыз болған, ол көз жұмды. Оқиға болған кезде ата-аналары үйде отырған. Өрттің себептері анықталуда. Оқиға бойынша тергеп тексеру басталды. Барлық қажетті сараптама тағайындалды, – деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

 

Оқи отырыңыз: Үкімет ірі кәсіпорындардың жұмысын қалай реттемек