Жазатайым оқиға 3 қыркүйекте болған
Ақтаудың 19 жастағы тұрғыны Каспий теңізіне шомылып, суға батып кетті. Ақпаратты Маңғыстау облысының ТЖД растады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өңірлік ТЖД мәліметінше, жазатайым оқиға 3 қыркүйекте сағат 19:40-та 7а шағынауданында болған.
«Каспий теңізінің жағалауында (тереңдігі 2 метр, жағалаудан 100 метр), ТЖД ОСО күштерімен (9 құтқарушы, 2 техника, 1 жүзу құралы және 1 дрон) 2003 жылы туған Т. денесі табылып, судан алынды, ол 18:55-те шомылу үшін жабдықталмаған жерде суға түсу кезінде батып кетті», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Маңғыстауда көлік өртеніп кетті