Маңғыстауда көлік өртеніп кетті

стоп кадр
стоп кадр
Оқиға салдарынан 1 бала қаза тапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиға Ақтау-Форт-Шевченко бағытындағы жолдың 43-шақырымында тіркелген. Апат кезінде 7 адам зардап шекті, оның үшеуі бала, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бір бүлдіршін сол жерде көз жұмған. Ал ауруханаға жеткізілген үш баланың біреуінің оң жақ білегіне ампутация жасалған. Ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Айта кетейік, жол апатынан кейін көлік тұтанып, арты өртке ұласқан.

– Үш бала ауруханаға түсті. Балалар қатты жарақат алған. Екеуі травматология, ал біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Науқастың бұғанасы сынып, оң қолы ашық жарақаттар алған. Тамыры, еті езіліп кеткен. Ампутация жасалды, – деді облыстық балалар ауруханасы травматология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі Құрман Қайранов.




Оқи отырыңыз: Петропавлда алаяқтықтың жаңа түрі тіркелді

Новости партнеров