Қызыл кітапқа енген құс фототұзаққа түсіп қалды

28.05.2024 13:31

Сұр тырна — Қазақстандағы қорғалатын құстардың бірі

Фото: Видеодан алынған кадр

Сұр тырна (Grus grus) — Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін құс «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орнатылған фототұзақ камерасына түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сұр тырна — Қазақстандағы қорғалатын құстардың бірі. Табиғи мекендеу орындарының жоғалуы мен адам қызметінің нәтижесінде оның саны айтарлықтай азайды. Сондықтан бұл сирек кездесетін құсты байқаудың әрбір жағдайы тіркеліп, орнитологтар мен табиғатты қорғаумен айналысатындар үшін маңызды оқиғаға айналды.

«Біздің ауданда сұр тырнаны байқау — біздің ұлттық парктің жануарлар әлемін қорғау үшін қабылдаған шараларының тиімділігін растайтын тамаша жаңалық. Біз құстардың мұндай сирек кездесетін түрлерінің өзін қауіпсіз сезінетінін көргенімізге өте қуаныштымыз», — деп түсіндірді «Бурабай» МҰТП ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкері Евгений Архипов.

Ол бұл құстардың мекендейтін жері туристер үшін жабық ұлттық парктің бірнеше аймағында ғана тіркелгендігін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Жазасы ауыр «жұмыс»: заңсыз әрекет жасаған 4 наркозертхана жойылды