Маңғыстау облысында 2 жастағы бала Каспий теңізіне батып, көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қайғылы оқиға Құрық ауылынан 5 шақырым жерде, шомылуға тыйым салынған аумақта болған. Қазір мамандар оқиға орнында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
– Баланың денесі судан шығарылып, аудандық ауруханаға жеткізілді. Жағдайды жедел тергеу тобы анықтап жатыр. Тұрғындарына судағы қауіпсіздік ережесін сақтауды сұраймыз, – деді ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Бектас Мұратов.
Айта кетейік, соңғы 5 жылда Каспий теңізіне 58 адам суға батып, көз жұмған, оның 14-і - кәмелетке толмаған бала. Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы хабарлады.
Жазатайым оқиғалар көбіне судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдыру салдарынан болады. Ал мұндай әрекетсіздік үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 364 және 412-баптарына сәйкес жауаптылық көзделгенін еске саламыз.
Оқи отырыңыз: Қайнар ауылының тұрғындары ауыз суға зәру