Оралда екі жасар бала терезеден құлап кетті

26.08.2024 13:34

Бүлдіршін үйде қараусыз қалған

elements.envato.com

Батыс Қазақстан облысы ТЖД мәліметінше, екі жасар қыз көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

«Бала үйде ересектердің қарауынсыз қалған. Оны ауруханаға жеткізді», — деп түсіндірді ведомствода.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы қыздың жағдайы туралы кейінірек хабарлайтынын айтты.

Оқи отырыңыз: ШҚО мен Алматы облысында 26 тонна шөп өртеніп кетті