2023 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында шоколад пен қанттан жасалған шоколад және кондитерлік өнімдер өндірісі 68,8 мың тоннаға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл 2022 жылғы қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 18,2% көп. Тиісті кезеңде сектордағы көрсеткіштердің өсуі екінші жыл қатарынан байқалды.
2023 жылғы қаңтар-шілде айларында ішкі нарықта шоколад пен қанттан жасалған шоколад және кондитерлік өнімдерді сату көлемі 2022 жылғы қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда 23,2% артып, 111,9 мың тоннаны құрады. Осы кезеңде экспорт 5% қысқарып, небәрі 17,8 мың тоннаны құрады.
Биыл қыркүйек соңында шоколад бағасы бір айда небәрі 0,4% өскен. Салыстыру үшін: 2022 жылдың қыркүйегінде айлық өсім 2,5% болды. Шоколад бағасының жылдық өсімі 10,8%-ды құраса, бір жыл бұрын бағаның өсуі 21,5%-ға жеткен.