Асанәлі Әшімов пен Дулат Исабеков халықты сабырға шақырды

inform.kz
inform.kz
Ел бірлігі мен тыныштығын бұзуды көздейтін арандатушылардың сөзіне ермеуді сұрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Зиялы қауым өкілдері елдегі соңғы жағдайларға байланысты  халықты, әсіресе жастарды сабырға шақырып, ел бірлігі мен тыныштығын бұзуды көздейтін арандатушылардың сөзіне ермеуді сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Менің тек қана қауіптенетінім, осылардың арасына арандатушылар кіріп кетпесін. Арандатушылар кіріп кетсе, оны адамдар өздері тоқтатуға тиіс. Бұл  бейбіт наразылық, бейбіт шеру. Бейбіт шеруді, бейбіт наразылықты біз жазалауға тиіс емеспіз. Оларды тыңдайық, олармен жеке-жеке сөйлесейік. Адамдардың пікірімен санасайық, сөйтіп билік бір шешімге келуі тиіс», – деді ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері  Дулат Исабеков.

«Үкімет сіздің айтқаныңызды орындайтынына мен сенемін. Сондықтан арандатушыларға сенбеңіздер, сіздерді жақысылққа шақырамын. Тыныштыққа шақырамын. Ел тыныш болсын. Ел қобалжып кетті. Әбіржіп кетті. Соны абайлаңыздар, ел тыныштығын сақтаңыздар», – деді КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов.


Новости партнеров