Білім гранттарындағы квота кімге бұйырады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Ауыл квотасы үшін анықтама алудың қажеті жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық тестілеу орталығы білім гранты конкурсында жеңілдетілген санаттарға бөлінген квотаның үлесін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

2022 жылғы квота мөлшері:

- жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – 1%;

- I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1%;

- жеңілдігі мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5%;

- ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ талапкерлерге (қандастар) – 4%;

- кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасы балалары үшін – 5%;

- кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін – 1%;

- бала кезінен мүгедек балаларды, І, ІІ топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардың балалары үшін – 1%.

Жеңілдігі бар оқуға түсушілер керек анықтаманы құзыретті органдардан алады.

- Ауыл квотасы – 35%.

«Айта кетейік, ауыл квотасы үшін анықтама алудың қажеті жоқ. Егер Сіз ауылдық жерде орналасқан мектепті бітірсеңіз, ақпарат базада болады. Қосымша мәселелерді ЖОО-лардың қабылдау комиссиясынан сұрап білуге болады», - дейді орталықтан.

Новости партнеров