Қазақстандық футболшы киевтік "Динамоның" қақпасына КСРО чемпионаты тарихындағы ең жылдам голды соққан
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Евстафий Пехлеваниди "Достық" орденімен марапатталғанын хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
«60 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан алматылық "Қайрат" футбол командасының аты аңызға айналған шабуылшысы Евстафий Пехлеваниди қазақ футболын және Қазақстан мен Грекия арасындағы достықты дамытып, дәріптеуге орасан зор үлес қосқан үшін 2-дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды», – деп жазды президент Twitter-де.
Бұған дейін "Қайрат" футбол клубы қазақстандық футболдың аңызын 60 жылдық мерейтойымен құттықтаған болатын.
«Біздің клубтың бұл ардагері жайлы көп нәрсе айтуға болады. Жанкүйерлер "Пеха" деп атап кеткен Евстафий Пехлеванидидің маңызды ойындарда соққан голы аз емес, ал киевтік "Динамоның" қақпасына КСРО чемпионаты тарихындағы ең жылдам голды соқты!» – делінген футбол клубының хабарламасында.