Шымкентте ер адам 16-қабаттан құлап мерт болды

otyrar.kz
otyrar.kz
Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте ер адам 16-қабаттан құлап, мерт болды. Оқиға «БИИК» тұрғын үй кешенінде болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Маңайдағы куәгерлер марқұмның бұл тұрғын үйде тұрмайтынын, пәтерді бірер күн бұрын жалға алғанын айтты.

Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Марқұмның өзіне қол салғаны немесе 16 қабаттан абайсызда құлағанын полция анықтайды. Ал оқиғаға қатысты қылмыстық іс «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабы бойынша тіркелген.

«Аталған жайт бойынша істі Тұран ауданының полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 105 бабы, яғни «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша тіркеді. Тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде»,- делінген Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі мәліметінде.

Оқи отырыңыз: Алматыда төрт онлайн казино жабылды

Новости партнеров