Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын Рождество мерекесімен құттықтады

07.01.2021 в 14:39

Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды.

«Мен православие христиандарының жарқын мерекесі – Рождество мерекесімен құттықтаймын! Біздің қаламыз әрдайым ұлтаралық келісім мен конфессияаралық татулық пен достықтың орталығы болған және солай болып қала береді. Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен бейбітшілік  тілеймін!» –  деді Б.Сағынтаев.