Қазы әлемдегі ең үздік шұжықтар қатарына кірді

Almaty.tv
Almaty.tv
Әртүрлі тағам рейтингі үнемі жарияланып отырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

TasteAtlas электронды энциклопедиясы «Әлемдегі ең үздік 100 шұжық» рейтингісін жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

TasteAtlas – ас әзірлеушілерге арналған үлкен ресурс. Мұнда әр түрлі тағамның рейтингісі үнемі жарияланады. Мәселен, «Әлемдегі ең үздік 100 шұжық» тізімінде жылқы етінен жасалған дәстүрлі қазақ шұжығы 81-орынды иеленді. Рейтингінің жоғарғы жағында немістің Bockwurst сарделькалары, ал одан төмен шведтің Prinskorv шұжығы орналасқан. Виньяиш қаласында өндірілетін португалдық «Альйера» шұжығы көш бастап тұр.

Сипаттамада көрсетілгендей, рейтинг сайт пайдаланушыларының бағалауы негізінде жасалған.

«Әлемдегі ең үздік 100 шұжық» тізімін жасау үшін 2024 жылдың 15 мамырына дейін 7274 баға тіркелді, оның 5465-і жүйе заңды деп танылды», - делінген рейтингтің сипаттамасында.

Құрастырушылар сонымен қатар желідегі боттарды, сондай-ақ «ұлтшыл және жергілікті патриоттық рейтингілерді» електен өткізетіндерін атап өтеді.

«TasteAtlas» рейтингін тағамның соңғы жаһандық қорытындысы ретінде қарастыруға болмайды. Олардың мақсаты – керемет жергілікті тағамдарды насихаттау, дәстүрлі тағамдарға деген мақтаныш сезімін ояту және сіз әлі дәмін көрмеген тағамдарға қызығушылық тудыру», - деп атап өтті авторлар.

Айта кетейік, Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдері арасында «Әлемдегі ең үздік 100 шұжық» тізіміне енген жалғыз ел.

Оқи отырыңыз: Алматыда кәріз желілерін бітеп тастайтын тыйым салынған өнімдердің тізімі жасалды

Новости партнеров